Verschijnt in

Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Ushkyn Zhamalbek
Ushkyn Zhamalbek
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Ushkyn Zhamalbek
Ushkyn Zhamalbek
Songwriter:in

Songteksten

Мекен Алтай Атыраудың арасы
Тау бауырдың өзен көлдің жағасы
Жастайынан жеті атасын жаттаған, сақтаған
Тегі мықты мен қазақтың баласы
Жау қолынан жыртылмаған жағасы
Ат үстінде ғұмыр кешкен баласы
Теуіп қалса темір үзіп кететін, өтетін
Қайсар туған мен қазақтың баласы
Жаратқан Алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
 Ешкімнің келмес шамасы
 Азаттығын, Қазақ туын қорғаған, қолдаған
 Танысаңдар мен қазақтың баласы!
Жасытпаған дұшпанының жаласы
Жыр термеден табылатын дауасы
Жанын берер, барын берер ел үшін, жер үшін
Сертке мықты мен қазақтың баласы
 Топқа түссе тақым қысар анасы
Тулап кетсе тасты үгітер тағасы
Ел сенімін, ер сенімін ақтаған, сатпаған
Отты жүрек мен қазақтың баласы
Жаратқан Алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
 Ешкімнің келмес шамасы
 Азаттығын, Қазақ туын қорғаған, қолдаған
 Танысаңдар мен қазақтың баласы!
Жаратқан Алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
 Ешкімнің келмес шамасы
 Азаттығын, Қазақ туын қорғаған, қолдаған
 Танысаңдар мен қазақтың баласы!
Written by: Ushkyn Zhamalbek
instagramSharePathic_arrow_out