Topsongs van Ushkyn Zhamalbek
Vergelijkbare songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Ushkyn Zhamalbek
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Ushkyn Zhamalbek
Songwriter:in
Songteksten
Қиыр қиыр жолдар алыс қалғанда
Ауылымнан менің алыстағанда
Ертеңіме сендім ақ бұлттарға ендім
Сәл жетпеймін көкке қарыстағанда
Жолдар жолдар мені тезірек жеткіз
Асу асу белден тезірек өткіз
Қимай барам сені адалдықтың емі
Сағыныштың күйін мағанда шерткіз
Ахоу пай пай ахоу халалаку ай ли лай!!
Сағынышпен қарап тастарыңа да
Еркіндікпен қарап асқарыңада
Көңіліме түйдім жүрегіммен сүйдім
Мейірімді төгіп аспанымада
Бір шырағын жағып тағы үміттің
Кездесетін сәтті сабылып күттім
Жаным аңсап ұшып топырағын құшып
Туған жердің шаңын сағынып жұттым,
Ахоу пай пай ахоу халалаку ай ли лай!!
Қиыр қиыр жолдар алыс қалғанда
Ауылымнан менің алыстағанда
Ертеңіме сендім ақ бұлттарға ендім
Сәл жетпеймін көкке қарыстағанда
Written by: Ushkyn Zhamalbek