Songteksten

Көркемдігі даласындай кең,
Силайтындай маған жаңа дем.
Сұлу дала кербез сұлумен,
Құлпырғандай бүгін бар әлем.
Әппақ қардай әппақ көйлекпен,
Ару нәзік көркем ой неткен.
Сұлу тәбиғатқа сән қосқан,
Табиғаты сұлу бойжеткен.
Сенің сұлу кербез бейнеңе,
Күннің өзі күліп қарайды.
Күн астында күндей сұлудың ,
Дидарынан шуақ тарайды.
Ахоууу беу!!
Төмен қарап амандасуың,
Кербезденіп Қадам басуың.
Баурап алды жанымды үнсіз,
Сырттай ғашық замандасыңмын.
Күлкің сыңғыр тай бұлағындай,
Күлкің нұрлы сәнді лағылдай.
Мұңаюды ұмытар едім,
Жүрсең шіркін мәңгі жанымда-ай.
Сенің сұлу кербез бейнеңе,
Күннің өзі күліп қарайды.
Күн астында күндей сұлудың ,
Дидарынан шуақ тарайды.
Ахоууу беу!!
Written by: Ushkyn Zhamalbek, Айтбек Тұрсынбай
instagramSharePathic_arrow_out