Songteksten

Танып алсын танысатын адамдар,
Таныс досың құрбың ба.
Жолыққанда көмектесер әңгіме айт,
алға қарай жылжуға.
Қарай берсең көңіл деген құрғырға,
Кетеді армар құрдымға.
Сондықтанда мырқынбаймен мылжыңға,
Бос емеспін бір жылға.
Қара қара қарағым,
Мініп алып шабамын.
Шабыт деген тайбұрылға.
Бос болсамда уақыт жоқ,
Пайдасы жоқ әңгіме ,
Өсек аян қайғы мұңға.
Өмірімнің әр сәті секунды мен сағаты,
Келе жатыр бақытым боп.
Құлшылықпен тіршілік,
Спорт және махаббат ,
Қалғанына уақытым жоқ!
Шіркін уақыт жетпейді ғой нетейік,
Өмір бізді тоссын ба?
Сырлас болып сыйлас болып өтейік,
Кәрісің бе жассың ба?
Аз ғұмырда араласып өтейік,
Туыссың ба доссың ба?
Шаруамызды шәй үстінде шешейік ,
Бүгін кешке боссың ба.
Қара қара қарағым,
Мініп алып шабамын.
Шабыт деген тайбұрылға.
Бос болсамда уақыт жоқ,
Пайдасы жоқ әңгіме ,
Өсек аян қайғы мұңға.
Өмірімнің әр сәті секунды мен сағаты,
Келе жатыр бақытым боп.
Құлшылықпен тіршілік,
Спорт және махаббат ,
Қалғанына уақытым жоқ!
Written by: Ushkyn Zhamalbek, Рамазан Амантай
instagramSharePathic_arrow_out