Songteksten

Жаз болса жарқырыған көлдің беті-ай ау,
Көгеріп толқындайды, япур-ай, алыс шеті-ай ау.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын
Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі-ай ау.
 
Алтын бу ақ көбіктен бетін жабар
Судан бу көкке төніп, япыр-ай, маржан тағар.
Есіме ақ еркемді алған кезде
Ақмаржан жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар.
Жаз болса жарқырыған көлдің беті-ай ау,
Көгеріп толқындайды, япур-ай, алыс шеті-ай ау.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын
Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі-ай ау.
Written by: Kazakh folk song
instagramSharePathic_arrow_out