Songteksten

Таң көңілдің сыйы ән мұңымның күйі
Сен сол таңның гүлі мен шолпанның нұры
Жақындап үміт алыстап арман
Жастығымды аңсап алыста қалған
Бейнеңе жүрмін байланып
 
Нәзігім еркем наз үнің өртер
Сағыныш тұнған жанымды жалынымен
Жан айым саған қарайын саған
Айсыз түндегі әнімнің жарығымен
 
Күн сарғыған елес бұл бұлжыған емес
Сен алаңсыз күлдің мен амалсыз жүрмін
Күлкіңнен сенің жылынады өмір
Сезімім сөнбес мұныда біліп
Жүргейсің мені ойға алып
 
Нәзігім еркем наз үнің өртер
Сағыныш тұнған жанымды жалынымен
Жан айым саған қарайын саған
Айсыз түндегі әнімнің жарығымен
Жан айым саған қарайын саған
Айсыз түндегі әнімнің жарығымен
Written by: Құрмаш Махан
instagramSharePathic_arrow_out