Songteksten

Қара шашың иығыңа төгілген
Бақ жұлдызым болып түсші көгімнен
Жүрегімнің саған деген алауы
Асқақтайды әнім болып көгілден
Қарлығаштың қанатындай қастары
Ақ көңілмен үміт жолын бастады
Асау жүрек қояр емес еріккен
Өзің болмай жан серігім дастаным
Даридаридаридай, даридаридай
Дидаридай, даридаридай
Шынарыңнан айдын көрдім бір тұнық
Қызықтырдың қызғалдақтай құлпырып
Екеуі өскен құз басына шынарың
Создың қолды арманыма ұмтылып
Бүгін де, кеше де
Кездестік біз нешеде
Шашымды қырау жауса да
Сұрама жасым неше деп
Шынары сен көріктің
Бағыма менің жолықтың
Сыңғырлап алқадай
Қарай бердім келбетіңе
Келбетіңе қалқам-ай
Даридаридаридай, даридаридай
Дидаридай, даридаридай
Written by: Табылды Кенжетаев
instagramSharePathic_arrow_out