Topsongs van Аль Nasr
Vergelijkbare songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Аль Nasr
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Данияр Сагдатович Рахметжанов
Komponist:in
Nazar Sharkhanovich Sultanbaev
Songwriter:in
Songteksten
Биссмилля деп атқа қондым, көкейімде байғатым,
Есімін ер деп, атап қойған , байқасын деп қайратын
Мәңгілікте ғой отаным, қорқыта алмайды-ау сұм өлім,
Мың өлгендер мың тіріліп , тақымын атқа байлайтын
Қар құлын ат болып, игерді жол торабын,
Тітіркене тәні, сылқыта ішті тау бұлағын.
Тегі көшпелі беу-ахау керім,
Текті деп біле жүр бұл даланың еркектерін.
Ләббәй раббым, ләббәй дейтұғын,
Кешегілердің түбін құртқан мына жат ұғым.
Ғұнның «Еділі»нен білді кім, опық жерін?!
Танып ал енді, бұл даланың еркектерін.
Үрген ит қамшы жер, әуелі жатып ішіер,
Байырғы алып ер, толқумен күн кешер.
Семсерінің әсері күшті деп, айтпас еді,
Білмесе егер бұл даланың еркектерін.
Әскері жаушының, игеріп тау шыңын,
Ауырды төмпештеп, жүгіңді арқалаушы ұлың,
Құлың болуға даяр, жұлмаланып тілінседе,
Шегедей мықты ер, шекеге оқ тиседе
Бұл даланың ерлері, ерлері
Бұл даланың ерлері, ерлері
Теңіздің тереңіне батсаң ерді ойла,
Тәніңнен көлеңке кетсе ерді ойла.
Үйде тірлік көп деп мұңайма.
Нәпақа тауып жүрген еркектерге оңай ма?
Далаңды өрт жалмап өтсе ерді ойла,
Жесір болып көңіл босаса ерді ойла.
Тау шыңында қыр ассаң , даңдайсыма,
Бақыт деу қиын, жалғыз басты мұндайда.
Жер шарын шарлап бас, енді ұғасың,
Құдірет тауып күш алсаң ер туарсың.
Туған ұлың бұл даланың еркегі болар,
Оларға міне әкенің тегі қонар.
Бисмилла деп атқа қонар, көкейінде байғаты,
Табиғатында бар қайраты мен айбаты.
Қай қатын жоқ қылар, ашып етектерін,
Байлау қиын бұл даланың еркектерін.
Бұл даланың ерлері, ерлері
Бұл даланың ерлері, ерлері
Бұл даланың ерлері, ерлері
Written by: Nazar Sharkhanovich Sultanbaev, Данияр Сагдатович Рахметжанов