Songteksten

Қиратпа
Қиратпа
Қиратпа
Қиратпа бұл саған Ирак па?
Осы күнге жет алмай, кешегі қоғам зиратта.
Мың дәрі-дәрімек жаныңа шипа ма?
Оқылған мың кітап жанға рахат сыйлап па?
Өлеңдер шимақпен, көңілді ширатқан,
Екі ақын жинақпен, ақыл ес жинатқан.
Өз елін қиратқан, құлайды-ау би тақтан,
Адамдар қи тап-тап, таяды ылғи бағыттан.
Сахнада кейіпің бір киер той көйлек,
Пайданы көздейтұғын сарынның ойы бөлек.
Қара жер дөңгелек, қадамды нық бас,
Қиянат жасасаң адам оны ұмытпас.
Бабадан арман, балаңа қалған,
Алақан жерді, егемен елді,
Тату бірлікті, отау ұяңды,
Бейбіт әлеміңді, қиратпа
Бабадан арман, балаңа қалған,
Алақан жерді, егемен елді,
Тату бірлікті, отау ұяңды,
Бейбіт әлеміңді, қиратпа
Қиратпа, аяқта тұяқ па?
Итекеш ит түкірмес, су ішер итаяққа.
Тіршілік аяқталып , ахірет таяп қалып,
Қиятем болады деп айтылды-ау аятта.
Елу мың залымның қолында Ирусалим,
Араптың қанына салынған Абудаби-ің!
Ғалымға бұйырған дін, бәріне бұйырса дим,
Инеге егілгендей, Игилға кеткен бе миың.
Тиынмен төлеген төрелер тірліктің төрінде,
Халықты билеген көклер бірлікті көмуде.
Кешегі коммунистер өкінеді әлі көрінде,
Қиратып қалдырғаныңды немерең көруде.
Қажет емес ішеріңді лайлау.
Қажет емес қылышңды қайрау.
Қажет емес қанжығаңа байлау
Қажет емес, жоқ қажет емес!
Қажет емес ішеріңді лайлау.
Қажет емес қылышңды қайрау.
Қажет емес қанжығаңа байлау
Қажет емес, жоқ қажет емес!
Бабадан арман, балаңа қалған,
Алақан жерді, егемен елді,
Тату бірлікті, отау ұяңды,
Бейбіт әлеміңді, қиратпа
Бабадан арман, балаңа қалған,
Алақан жерді, егемен елді,
Тату бірлікті, отау ұяңды,
Бейбіт әлеміңді, қиратпа
Written by: Nazar Sharkhanovich Sultanbaev, Данияр Сагдатович Рахметжанов
instagramSharePathic_arrow_out