Topsongs van Аль Nasr
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Аль Nasr
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Данияр Сагдатович Рахметжанов
Komponist:in
Nazar Sharkhanovich Sultanbaev
Songwriter:in
Songteksten
Дүние алаң сайыста,
ізгілікке ұмтылып,
көркем қылық етерсің
Құнарымды алғасын,
Ғаламатқа ынтығып
Аманатқа бітерсің!
Ада болу болмысың,
жадыңда тұр ұлы зат,
мәңгілік сақтар ма екенсің?!
Тұңғиықта мың жала,
Бұл ғайыпта зіл-зала
Қыранды аспанға ұшыр,
Мұң-күйікке жар сала.
Сын көтеріп шаршама,
Жер ұйықтың сырын аш.
Жан айғайын тыңдашы,
Алашты туған кең дала!
О баста бұл өңірді жаратты бір құдай,
Мейірімі төгіліп бар болды күн мен ай.
Домаланған қара жер, аман есен бе бұл маңай,
Айғай-шуы көп әлем, тіршілікке жарамай.
О баста жер бетінде махаббат болды дейді,
Адал сезім пәк пиғыл, парқыңа дәм тілейтін.
Табиғаты тірі жер, мені өзіңмен ала кет,
Қайта туар ұлы сәт, бола көрме бәлекет!
Тектілері табысатын, құстары самғап ұшатын,
Жерде бар ертегі сыры, жоғалтуда өз атын.
Кеудесінде жаны бардың, маңдайына жазылатын,
Нар жігітім не бәле жүйкеңді бүгін тоздыратын.
Өзегің отта күйген, таласып кедей бимен,
Арыл үлей-дүлейден, арылшы бос үрейден.
Туылсын ақыл түйген, танылшы дана мыймен.
Тумасы домалақ үйдің, адамдар даланы сүйген.
Тұңғиықта мың жала,
Бұл ғайыпта зіл-зала
Қыранды аспанға ұшыр,
Мұң-күйікке жар сала.
Сын көтеріп шаршама,
Жер ұйықтың сырын аш.
Жан айғайын тыңдашы,
Алашты туған кең дала!
Тұңғиықта мың жала,
Бұл ғайыпта зіл-зала
Қыранды аспанға ұшыр,
Мұң-күйікке жар сала.
Сын көтеріп шаршама,
Жер ұйықтың сырын аш.
Жан айғайын тыңдашы,
Алашты туған кең дала!
Written by: Nazar Sharkhanovich Sultanbaev, Данияр Сагдатович Рахметжанов