Songteksten

Жалған күлкі жүздерінде,
Жалған толы сөздерінде.
Сыр бар түрлі іштерінде,
Өздерін алдап тағы өзгені арбап.
Жалған махаббат сезімдері
Жалған достық сенімдері
Көбінің жылтырақ көздегені
Бәрі жай ғана көрініс бояма
Қалың бетперде беттерінде
Жалған уәде серттері де
Оның ішінде бар билігің де
Баяғы жүйе сол баяғы күйе
Қу дүние онсыз да жалған
Таза болмыс сәннен жоғалған
Кірленген рух сана уланған
Іріңдей бұл дерт емделмей соңы мерт
Written by: Назарбек Оразбеков
instagramSharePathic_arrow_out