Muziekvideo

Өмір Сүрейік Алмасып (Live)
Өмір Сүрейік Алмасып (Live) bekijken op YouTube

Verschijnt in

Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
NAZZARBECK
NAZZARBECK
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Алмахан Кенжебекова
Komponist:in
Мукагали Макатаев
Songwriter:in

Songteksten

Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.
Келісемісің жас қайың?
Көрінер мүмкін кімге ерсі
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Қайың көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маған өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жансыз қайыңсың,
Айырмашылығым - Адаммын.
Сондықтан ұзақ жасарсың,
Құрдасы келер заманның.
Мендегі бары бір жүрек.
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемің
Тірілер қайта дүркіреп.
Бар-жоғы менде бір жүрек,
Беріпті жүрек саған мың,
Сондықтан ұзақ жасарсың,
Құрдасы келер заманның.
Жапырақ жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Адам боп тұрсаң қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып,
Келісемісің жас қайың?
Келісемісің жас қайың?
Келісемісің жас қайың?
Тәуекел, айырбастайық.
Өмірге-өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып
Written by: Алмахан Кенжебекова, Мукагали Макатаев
instagramSharePathic_arrow_out