Verschijnt in

Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
NAZZARBECK
NAZZARBECK
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Баглан Омаров
Komponist:in
Кудайберген Казыбеков
Songwriter:in

Songteksten

Әйелі ерге қараған заман,
Ер жігіт жерге қараған заман.
Шындықтың ауылы тоналған заман,
Арманы жұрттың жоғалған заман.
Еңсесі елдің түскен бір заман,
Өтті ғой бұрын жаман да заман.
Қыркына шыдап қырық бірі қалған,
Сақтасын Алла пәледен аман.
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Кеудеде ақ жоқ су алған заман,
Жанарлар жасы қуарған заман.
Әділдік іште тұншыққан заман,
Көңілден мұңлы үн шыққан заман.
Асылды жасық билеген заман,
Ақылды надан илеген заман.
Құсадан жүрек жарылған заман,
Адамның пейлі тарылған заман.
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Іргесі елдің бөлінген заман,
Адалдық торға ілінген заман.
Қулардың жолын оңдаған заман,
Арамның ісін қолдаған заман.
Өтті ғой небір тарихта заман,
Қара да хан да – жаксы да жаман,
Бәрін де бастан өткізген елім.
Түтіні тұзу болса екен аман.
Ел қамын ойлар ер аман болсын,
Қойнауы байлық жер аман болсын.
Тудырған талай жақсы мен жайсаң,
Батыр да дархан ел аман болсын.
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Written by: Баглан Омаров, Кудайберген Казыбеков
instagramSharePathic_arrow_out