Lyrics

Әділдік болған ұраны
Алаштың азат қыраны
Тәуелсіз елдің ұланы
Алға басқан
Заңдыққа әркез қырағы
Егемен елдің шырағы
Әділет хақтың шынары
Заңғар асқан
Біз әділеттің асқары
Біз әділдіктің бастауы
Біз әділеттің ақ туы
Бар заңдылық жалғасы
Әділдіктің айнасы
Әділдіктің айнасы
Жеті жарғы жазбасы,
Ата баба таңбасы
Дәуірмен жеткен алмасып
Жаса заңым
Қасқа жолы Қасымның
Ескі жолы ғасырдың
Жалғасы сондай асылдың
Ата заңым
Written by: Естай Рашқалиев, Қуаныш Кисметов
instagramSharePathic_arrow_out