Lyrics

Ей, өмір теңіз ағысың қатты,
Біреулер сеннен бақытын тапты.
Толқының бұйра, толқының қатты,
Біреулер сеннен қайғы-мұң тапты.
Теңіз өмірім, теңіз өмірім,
Менде бір кеме, дауыл көңлім.
Көк айдын досым, тілегім болсын,
Жандарға бақыт сыйлашы тосын.
Шағала көңіл, қанатын қақты,
Шаттыққа толы ұясын тапты.
Теңізге ғашық менің өмірім,
Күтеді алдан баянды бақты.
Written by: Манарбек Қарекенов, Муслим Магомаев
instagramSharePathic_arrow_out