Vergelijkbare songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
OZGERIS
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Медет Салықов
Komponist:in
Қалқаман Сарин
Songwriter:in
Songteksten
Сен менің бүгін тағы түсіме ендің,
Беймаза бұл хәлімді түсінер кім?
Жаныма жақұт нұрлы сəуле шашып,
Көзіңнің күліп тұрды ішінен Күн.
Бұл жайды мен түсіндім, сен де түсін,
Тарылып бара жатыр кеуде тұсым.
Ұйқымды бұзбас едім дәл осындай,
Тәтті түс, тəтті сезім шербеті үшін.
Жайнаған жұлдызды аспан, Ай да әдемі,
Еседі мамыр айдың майда лебі.
Қағысын жүрегімнің жиілетіп,
Барасың бастап, қалқам, қайда мені?...
Елесің, ерке күнім, келді қайтып,
Кетпесең жарар еді-ау сен мұңайтып.
Нүктесі қойылмаған жырларыма,
Бүкпесіз бар сырымды бердім айтып.
Кешегі көктем – ғұмыр, көгілдір бақ,
Келмеске кетпеп пе еді қолын бұлғап?!
Бақыттың бесігіне бөлеп бүгін,
Тербейді жүрегімді көңілді ырғақ.
Жайнаған жұлдызды аспан, Ай да әдемі,
Еседі мамыр айдың майда лебі.
Қағысын жүрегімнің жиілетіп,
Барасың бастап, қалқам, қайда мені?...
Written by: Медет Салықов, Қалқаман Сарин