Songteksten

Самал тау, қайран елім, шалқар көлім
Не болар солдат болып көрген күнім
Есіме қайта-қайта түсе бердің
Кір-жуып, кіндік кескен қайран елім
 
Атты емеспін, жаяумын
Жаяудан да баяумын
Он бес күндей жүргенде
Омбы жаққа таяумын
 
Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр
Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр
Самал тау, қайран елім артта қалды
Адасқан өрісінен біз бір үйір
 
Әке-шешем бар еді
Жасы жеткен кәрі еді
Осынау әнге салдырған
Он алтының зары еді
 
Самал тау, қайран елім, шалқар көлім
Не болар солдат болып көрген күнім ай
Written by: Халық Әні
instagramSharePathic_arrow_out