Songteksten

Түнгі аспанға сән кіре ме
Сәні болып ай туған.
Ең әдемі әңгімелер
Шай үстінде айтылған
Шай ішейік, шай ішейік
Дастарханды жайнатып.
Шай ішейік, кел, шай ішейік
Самаурынды қайнатып.
Толқып тұрған сезімдерің
Шай үстінде басылар
Аспаның да, сезінемін
Шайдай болып ашылар
Көрмей қалып жүр екенбіз:
Әрбір сәтте бар бақыт
Шай ішейік кел, екеуміз
Шердің бәрін тарқатып.
Written by: Назерке Семей
instagramSharePathic_arrow_out