Topsongs van Қарақат Әбілдина
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Қарақат Әбілдина
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Бауыржан Өскенбек
Komponist:in
Айнұр Тұрсынбаева
Songwriter:in
Songteksten
Күттің бе гүл қызыңды?
Алыстан нұр жүзіңді,
Танимын жаулығыңнан желбіреген.
Құлыным сағындым деп,
Жүрсің-ау жаның жүдеп,
Айналдым жүрегіңнен елжіреген.
Бойдағы барын берген,
Ақ сүтін нәрін берген.
Бақыттың бәрін берген, Аяулы ана.
Үлгі ғой адалдығың,
Қуансын Анам бүгін,
Қымбат қой амандығың, Аяулы ана.
Шаттанып, қуансам да,
Жабырқап, мұңайсам да,
Жағдайын сен түсіндің жан күйімнің.
Болса да өз отбасым,
Отаным ошақ қасым,
Мен сенің бесіктегі әлдиіңмін.
Бойдағы барын берген,
Ақ сүтін нәрін берген.
Бақыттың бәрін берген, Аяулы ана.
Үлгі ғой адалдығың,
Қуансын Анам бүгін,
Қымбат қой амандығың, Аяулы ана.
Written by: Айнұр Тұрсынбаева, Бауыржан Өскенбек