Songteksten

Есіме салып айналып келмес шақты
Жүректі дүрсілдеткен сол сәтті
Тағы сөйле, сөйле
Сөз балдан тәтті
Тағы сөйле.
Арманға мені жеткізсең сенем дедің,
Ұнататын ертегім бұл менің
Тағы сөйле, сөйле
Таусылмай демің,
Тағы сөйле
Менің бар бар бар жүрегім бар
Өзіңді ғана өзгеше сүйетін
Менің бар бар бар жүрегім бар
Алаулап ыстық сезімге күйетін.
Ұмытылмас, ұмытылмас
Соның бәрі ұмытылмас!
Ұмытылмас, ұмытылмас
Кездер жайнап бір жүретін
Артық тұрады басқадан сенің бағаң,
Адал сертін жаныңның бер маған
Тағы сөйле, сөйле
Құмармын саған
Тағы сөйле!
Сағыныштың сәлемін солай жеткіз
Маужыраған жүректі селт еткіз
Тағы сөйле, сөйле
Шын сезім шексіз
Тағы сөйле!
Written by: Даниель Ганев, Ринат Зайытов
instagramSharePathic_arrow_out