Songteksten

Таңдаған тағдырым, саған сыр ашайын!
Әлемнің бар гүлін жолыңа шашайын!
Сымбаттым, қымбаттым, бақытыма сен егіз!
Сүйіктім биіксің, жанымменен егізсің.
Сен барда көктемім орнайды,
Жүректің сәлемін жолдайды.
Аспанның барлық жұлдызы да,
Өзіңдей болмайды!
Сезімнің аралатып бағын,
Бақыттың көрсетейін таңның.
Жайнашы жадырап жазымдай,
Аңсағаным жаным!
Айналайын, айналайын,
Ғашықпын тек өзіңе!
Айналайын, байланайын,
Мөлдіреген көзіңе!
Айналайын, айналайын,
Ғашықпын тек өзіңе!
Аялайын, аймалайын,
Елжіретіп сөзіме!
Сезімнің өлеңін жүрекке жазамын,
Көзіңнен көремін махаббат ажарын!
Келбеттім тербеттің,
Тұла бойды пәк күлкіңмен
Әр жылым, байлығым,
Өзіңменен бір жүрген.
Ай қолға қонғандай аспаннан!
Шалқимын нұрыәды шашқаннан,
Ұсынып қуанышым сені,
Көргеннен басталған.
Сен маған ала келдің мейрам,
Жүрегім саған құшақ жайған.
Жанымнан табылып әрдайым,
Еркелей бер айнам!
Written by: Казбек Кураиыш, Ринат Зайытов
instagramSharePathic_arrow_out