Songteksten
Шаттанып күлемін мен,
Алаңсыз жүремін мен.
Барлығы сенің арқаң,
Әкешім жүрегі кең!
Рахмет ана саған,
Әкешім тамаша адам.
Бақытты ұл қыздарың,
Бақытты бала-шағаң.
Болсыншы басың аман,
Қасыңда асыл анам,
Жәнәттім өздеріңсің,
Әкешім асыл адам.
Еңбегің ақталады,
Қонады атқа бәрі.
Өзіңдей әкесімен,
Ұрпағың мақтанады!
Қалаймын жүрегіммен,
Тіледім үнемі мен
Жүрсе деп мәңгі бірге,
Әкешім жүрегі кең.
Written by: Ербол Оразбеков, Жанар Қожағазина