Vergelijkbare songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Ұлмекен Бегалиева
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Дәурен Сердәлі
Komponist:in
Жадыра Байбұланова
Songwriter:in
Songteksten
Өзің боп шын бағым
Мен жолықтырғаным,
Бақытқа бөлейін,
Бақытты қыл, жаным!
Көп іздеп тапқаным,
Таңым боп атқаным.
Сен келіп білдім мен,
Шын махаббат барын.
Тағдырдың таңдағаны,
Жүректің салған әні,
Өзіңе арналады,
Ардағым.
Жеткізер жолдар әлі,
Шаттықтың алда бәрі,
Байлықсың ең бағалы,
Жан жарым!
Тағдырдың таңдағаны,
Жүректің салған әні,
Ардағым.
Жеткізер жолдар әлі,
Шаттықтың алда бәрі,
Жан жарым!
Бол мәңгі жанымда,
Өзім деп қабылда.
Бағалай білейік
Бақытты барында.
Сен барда, қорғаным,
Жап-жарық жан-жағым.
Жанымның жұмағы,
Қасымда бол, жаным!
Written by: Дәурен Сердәлі, Жадыра Байбұланова