Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Гүлнұр Салбанова
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Жақсыгелді Сейілов
Komponist:in
Қайырбек Садуақасов
Songwriter:in
Songteksten
Бір сөз бар бұрын айтар амандықтан,
Тілеуі бой тұмардай адам ұққан.
Қашанда құпиядай естілсе де,
Жаралған үміттерге адалдықтан.
Сүйінші, сүйінші, сүйінші,
Думанға бөленсін үй іші.
Бүгін бір бас қосып тойлауға,
Бәріңде кешікпей жиылшы.
Үйіңе бір сүйінші ұл әкелер,
Бірімен келін түсіп, құда келер.
Жолаушың аман есен елге оралып,
Төгіліп той жасауға тура келер.
Жақындар жақсылыққа жиылсын деп,
Бақыт пен бағымызға сүйінсін деп.
Жаюлы ақ дастархан төрлетіңдер,
Әндетіп ақ ниетпен сүйіншілеп.
Written by: Жақсыгелді Сейілов, Қайырбек Садуақасов