Songteksten

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Бiрге өскен кiшкентайдан құрбым едiң,
Ойнаймын ендi кiммен, сен кеткен соң.
Жолыққанша,
Аман бол, амал қанша.
Кекiлiн кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бiрге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзiңнен айналдым-ай.
Сыртынан аулымның өттiң, кеттiң,
Үкiсiн тақияңның бермей кеттiң.
Сол үкiң азар болса жүз теңгелiк,
Қалдырдың көңiлiмдi мың теңгелiк.
Жолыққанша,
Аман бол, амал қанша.
Кекiлiн кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бiрге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзiңнен айналдым-ай
Written by: Халық Әні
instagramSharePathic_arrow_out