Songteksten

1) Бәріңізге ассалаумағалейкум дейміз!
Қазына деп тойларын бағалайтын елміз!
Айғайын дос жан-жақтан қуанышқа келді.
Той деп қана әлемді аралайтын елміз!
Қайырмасы:
Дастарханын жайған
Той мен сауық сайран.
Ағайынын аман көрген
Біздің әр күн мейрам
Той жасады халқым
Бұзбай текті қалпын.
Қазанымыз оттан түспей
Бақыт келсін әр күн!
2) Құдалары төрге шығып, қариялар бастап!
Бата менен ақ тілекті жариялар асқақ.
Тұсау кесіп, сүндет той мен мерейтойды күтер
Тойдың басын беташардан жанұялар бастап!
Written by: Жарасхан Төлебай, Мөлдір Айтбай
instagramSharePathic_arrow_out