Muziekvideo

Verschijnt in

Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Алатау Серілері
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Ұшқын Жамалбек
Komponist:in
Біләл Қуаныш
Songwriter:in

Songteksten

Ассалаумағалейкум Алты алашым,
Жүгіңді әрбір қазақ арқаласын.
Айтты деп жарапазан сөге көрме,
Салтымен бабалардың ән тарасын!
Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.
Хала ла лаку лилім, лила лаку лилім
Жарпазан айтамыз.... ооооо
Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Намаз бен оразаңыз үлкен жұмыс.
Намаз бен оразаңды күтіп барсаң,
Ұжмақтан жеміс жейсің уыс уыс.
Мекке мен Мединеден шығар азан,
Айтылар оразада жарапазан.
Хала ла лаку лилім, лила лаку лилім
Жарпазан айтамыз.... ооооо
Айтамыз жарапазан ортаңызға,
Салтынан бабамыздың қорқамыз ба?
Жаңарған Қазақстан жасай берсін,
Алаштың аманаты арқамызда.
Жақсылық ала келсін жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!
Хала ла лаку лилім, лила лаку лилім
Жарпазан айтамыз.... ооооо
Ұранбыз бар түркіге қазақ деген,
Тұранбыз Құдай өзі қалап берген.
Көк туым желбіресін мәңгілікке
Қыранбыз самғасын деп қанат берген.
Алатау серісі айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!
Хала ла лаку лилім, лила лаку лилім
Жарпазан айтамыз....
Адыр-адыр тастардан айғыр мініп біз келдік.
Ауыздыққа бой бермей сіздің үйге кез келдік.
Бұжыр-бұжыр тастардан,
Бура мініп біз келдік. Бұйдалыққа бой бермей,
Сіздің үйге кез келдік!Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол!
Бәйтеректей бүрлі бол
Пайғамбардай нұрлы бол
Ай жағыңа қарасаң алтын терек орнасын,
Үйге келген қонағың, атын соған байласын!
Күн жағыңа қарасаң, күміс терек орнасын,
Күнде келген мейманың,
Атын соған байласын!
Written by: Біләл Қуаныш, Ұшқын Жамалбек
instagramSharePathic_arrow_out