Songteksten

Әнім - Сағыныш
Сөзі: Асқар Дүйсенбі
Әні: Қайрат Баекенов
Түнде жарық жұлдыз,
Көрінбейді күндіз.
Ән қалады мәңгі өмірде,
Жан досым болып көңілімде.
Бала кезден бізге,
Құйған шаттық жүзге.
Жақындарға әнді сыйладық,
Кел шырқайық, бірге xалайық.
Қайырмасы:
Жылдар өтсін, жолдар да,
Өмірім өтсін.
Көкке самғап, ән барда,
Көңіл жетсін.
Жайқалған гүл бағым,
Әлдилеген әнім,
Жайна, жалында,
Қалшы жанымда
Әнсіз - өмір жалған,
Әнсіз - қанат талған.
Қарамайды жастық, уақытқа,
Жетелейді арман, бақытқа!
Қайырмасы:
Written by: Қайрат Баекенов
instagramSharePathic_arrow_out