Topsongs van Райымбек Нысанбек
Vergelijkbare songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Райымбек Нысанбек
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Жолдасбек Абдиханов
Komponist:in
Саят Әбенов
Songwriter:in
Songteksten
Ойланып кеттім
Ағарған шашын көрдім де
Балалықпенен байқамаппын ау мен мүлде
Өмірге сонда жастығын ұрлап жүзінің
Қап қара шашын ағарту үшін келдімбе
Ержеттім Әке сенімің енді ақталар
Боламын балаң әркімге ертең мақтанар
Бүгінгі уайым
Бүгінгі қайғың болған ұл
Бір күні сенің басыңа қонған бақ болар
Қиналар іштей өзімен өзі күрсініп
Қажытты білем бітпейтін күйбең тіршілік
Мен жаққа кейде үмітпен қарап қояды
Өскенде жеміс жегізеді-ме деп бұл шыбық.
Өмірде мынау өзіңсіз жалғыз тірегім.
Шытсаңда қабақ көңілің жылы білемін
Бақытты жанмын себебі сендей Әкем бар
Сен болсаң Әке әкесіз өскен ұл едің.
Түсінем бәрін асқартау болу оңайма
Мұң кешіп талай
Шомылдың үнсіз көп ойға
Ақылың айна бойымды түзеп тұратын
Қайтемін Әке шам басып қалса сол айна
Written by: Жолдасбек Абдиханов, Саят Әбенов