Topsongs van Әбдіжаппар Әлқожа
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Әбдіжаппар Әлқожа
Künstler:in
Жандос Қаржаубай
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Жандос Қаржаубай
Komponist:in
Ақжол Түменбай
Songwriter:in
Songteksten
Тілдеме досым тіршілігіңді
Күндеме мәнің ғұмырдың
Сезеді Құдай құлшылығыңды
Сезбесе неге жығылдың
Жұттың ба жұпар тылсым деміңді
Барсың ғой барсың тірісің
Естиді Құдай күрсінгеніңді
Айқайлай берме құрысын
Шыр еткен шақтан шапағат берді
Жөнің жоқ еді алаңдар
Мөп-мөлдір таза махаббат берді
Былғады оны адамдар
Қара басымды қаңтарып кетті
Махаббатыма сеніп ем
Көп достар менен жалтарып кетті
Жалғыздық қалды менімен
Көп достар менен жалтарып кетті
Жалғыздық қалды менімен
Ар, намыс берді, арпалыс берді
Талауда талай қалғанмын
Жеңдіріп мұңға арқа күштерді
Жағасын алдық жалғанның
Жаныңмен сүйші жұмыр ғаламды
Кім үшін бірақ кім үшін
Естиді Құдай сыбырлағанды
Айқайлай берме құрысын
Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді
Тағдырдан кінә көрме сен
Күдік сейілер, үміт өлмейді
Өлімнен бұрын өлме сен
Шуақ түспейді көңілге кектен
Ит қана туған үруге
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен
Хақың бар бірақ сүруге
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен
Хақың бар бірақ сүруге
Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді
Тағдырдан кінә көрме сен
Күдік сейілер, үміт өлмейді
Өлімнен бұрын өлме сен
Шуақ түспейді көңілге кектен
Ит қана туған үруге
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен
Хақың бар бірақ сүруге
Ақын жоқ сенің өмірде кеткен
Хақың бар бірақ сүруге
Хақың бар бірақ сүруге
Хақың бар өмір сүруге
Written by: Ақжол Түменбай, Жандос Қаржаубай