Verschijnt in

Topsongs van Арман Алиев

Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Арман Алиев
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Талап Тотаев
Songwriter:in

Songteksten

Сен Астанада сызып – тіліп жүрсің,
Мен Шиеліде күйіп –пісіп жүрмін.
Сен тамаша өмір сүруді білесің,
Ауылдағы мені көрсең тегі күлесің.
Астанада ГПТУ – да оқисың,
Менің кәсібімді көрсең шошисың.
Сенің болашақ мамандығың – Юрист,
Ал мен СПТУ бітіргем – Тракторист.
Тракторист
Сен неге есігіңді ашпайсың, айтшы маған неге,
Тал түсте неге құлыптап тастайсың, айтшы маған неге, неге.
Сен неге мені сағынбайсың, айтшы маған неге,
Ауылға демалыста қайтпайсың, айтшы маған неге, неге.
Базарға барып, базарлық сатып алдым,
Поезға мініп, орныма жатып алдым.
Терезеден ұйқыдан оянып қарасам,
Терезеден жарқырап тұр – менің Астанам.
Ресторанға барып бір шөлмек қағып салдым,
Қызып қалып, бір таксиді жалдап алдым.
Жатақхана барып едім жабық екен,
Есігіңді тақылдаттым, бәрі бекер,
Бәрі бекер
Кім бар деймін ей іште, есікті аш деймін,
Есікті сындырамын қазір,
Шиеліден келіп тұрмын, бір қап күрішім бар,
Сәуле ашсай, Айгүл ашсай сен ей.
Есігіңнің ішінен жігіт ашты,
Ұзын бойлы, денелі, қара шашты.
Жігіт менен сұрады – Саған не керек?
Уақытымды ұстамай айтшы тезірек.
Мен сонда сұрадым Сәуле бар ма?
Жігіт сыбырлады менің құлағыма
Сәуле кәзір бос емес кейін келесің,
Базарлықты сақтай тұр, кейін бересің.
Кейін бересің
Written by: Талап Тотаев
instagramSharePathic_arrow_out