Songteksten

Көңілім көк аспанмен тілдеседі
Ойласам ақ періштем күнде сені
Кездейсоқ егер саған кезікпесем
Жүрегім ғашықтықты білмес еді
Түнде де сені іздеймін айналадан
Жанымды ай сәулесі аймалаған
Қалайда мен өзіңе қол жеткізем
Періштем сені ұмыту қайда маған
Оу менің ақ періштем
Келбетің нақ келіскен
Мен саған ғашық болып
Қиналдым әттең іштен
Дертімді сезімсіз-ақ емдегенмін,
Сертімді көп сұлуға бермегенмін.
Өмірде сендей қызға кезігуді
Ең тәтті түсімде де көрмегенмін.
Сөзіме сенбейсің бе мына менің,
Неліктен шарлатасың мұң-әлемін.
Егерде жүрегіме еніп көрсең
Қаншалық сүйгенімді ұғар едің.
Written by: Шадияр Есенәлі, Ұшқын Жамалбеков
instagramSharePathic_arrow_out