Songteksten

Сен туған Отаным бақ мекенім
Өзің жайлы әнді тәтті етемін
Дүрбелең дүние біле ме екен
Тектілік ұғымы қазақта екенін
Сынаққа сынбай сабыр қылатын
Дұшпанын сөзбен бағындыратын
Алты құрлықты құшағына алып
Алысқа кетсе сағындыратын
Қазаны құтпенен қайнаған
Тәуелсіз әр күнін тойлаған
Болашаққа үміт байлаған
Қазақстаным
Жүректе намыстың байрағы
Қазынаға тұнған қойнауы
Жасасын бірліктің аймағы
Қазақстаным
Күмбірлеп көңілде домбырасы
Даланың дауысын қалдырады
Аманат бізге Алаштың жері
Азаттықтың аппақ арғымағы
Досына шуағын таратады
Аяулы халқымның алақаны
Бесігімде жатқан әрбір сәби
Қыранның қырағы балапаны
Written by: Айнұр Тұрсынбаева, Алтынай Жорабаева
instagramSharePathic_arrow_out