Paroles
Жабығып қалғаныңда
Таусылып талғамың да
Арылып ауыр мұңнан
Бір сәтке алдануға
Қасыңда бір болатын
Жасысаң сыңға алатын
Жапанда жаяу қалсаң
Аямас мінген атын
Көңілге нұр беретін
Өмірге бір келетін
Не көрсе, бір көретін
Бір досың керек екен
Жалғыздық батқанында
Атпай, бір ақ таңың да
Көңілің тұманданып
Құлазып жатқаныңда
Қасыңда бір болатын
Жасысаң сыңға алатын
Жапанда жаяу қалсаң
Аямас мінген атын
Көңілге нұр беретін
Өмірге бір келетін
Не көрсе, бір көретін
Бір досың керек екен
Көңілге нұр беретін
Өмірге бір келетін
Не көрсе, бір көретін
Бір досың керек екен
Шаттығың кернегенде
Елге дес бермегенде
Шарықтап сөйлегенде
Қолыңды сермегенде
Қасыңда бір болатын
Жасысаң сыңға алатын
Жапанда жаяу қалсаң
Аямас мінген атын
Көңілге нұр беретін
Өмірге бір келетін
Не көрсе, бір көретін
Бір досың керек екен
Көңілге нұр беретін
Өмірге бір келетін
Не көрсе, бір көретін
Бір досың керек екен
Достарың керек екен
Lyrics powered by www.musixmatch.com