Paroles

Жабығып қалғаныңда Таусылып талғамың да Арылып ауыр мұңнан Бір сәтке алдануға Қасыңда бір болатын Жасысаң сыңға алатын Жапанда жаяу қалсаң Аямас мінген атын Көңілге нұр беретін Өмірге бір келетін Не көрсе, бір көретін Бір досың керек екен Жалғыздық батқанында Атпай, бір ақ таңың да Көңілің тұманданып Құлазып жатқаныңда Қасыңда бір болатын Жасысаң сыңға алатын Жапанда жаяу қалсаң Аямас мінген атын Көңілге нұр беретін Өмірге бір келетін Не көрсе, бір көретін Бір досың керек екен Көңілге нұр беретін Өмірге бір келетін Не көрсе, бір көретін Бір досың керек екен Шаттығың кернегенде Елге дес бермегенде Шарықтап сөйлегенде Қолыңды сермегенде Қасыңда бір болатын Жасысаң сыңға алатын Жапанда жаяу қалсаң Аямас мінген атын Көңілге нұр беретін Өмірге бір келетін Не көрсе, бір көретін Бір досың керек екен Көңілге нұр беретін Өмірге бір келетін Не көрсе, бір көретін Бір досың керек екен Достарың керек екен
Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out