Lyrics

Өз балаңнан артық бала бар ма ана
Мәз боласың жарай қалса шаруаңа
Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме
Жан ботасын сағынғанда ару ана
Ару анасың тек балаңа жан ана
Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма
Сенсіз менің айым туып алдымнан
Атым шауып бас бәйгені ала ма
Асыл ана сенен қуат алайын
Алдым сенен атар таңның арайын
Сенің ғана жанарыңда тұратын
Мейірімді кайдан ғана табайын
Written by: Рустем Коразбаев, Туманбай Молдагалиев
instagramSharePathic_arrow_out