Lyrics
Өміріме алып келіп зілдей мұң
Мені сонша ғашық еткен кімдеймін
Сау басыма тілеп алып сақина
Сені неге сүйдім екен білмеймін
Қинап жүрсің хаттарымды оқымай
Бір сөзімді мың айтамын тотыдай
Мені мүлде сүймейтініңді білем
Маған осы не жетпей жүр о Құдай
Маған осы не жетпей жүр о Құдай
Сезіміме намыстанам арланам
Сен кім едің жүрегімді қорлаған
Біле тұра маған жауап жазбасын
Сені неге сүйдім екен таң қалам
Жүрегіме не жасадым о тобай
Күні-түні қарай берем фотоңа
Біле тұра маған бұйырмасыңды
Сені неге сүйдім екен о тобай
Сені неге сүйдім екен о тобай
Қинап жүрсің хаттарымды оқымай
Бір сөзімді мың айтамын тотыдай
Мені мүлде сүймейтініңді білем
Маған осы не жетпей жүр о Құдай
Маған осы не жетпей жүр о Құдай
Өміріме алып келіп зілдей мұң
Мені сонша ғашық еткен кімдеймін
Writer(s): Kairat Nurtas
Lyrics powered by www.musixmatch.com