Top Songs By Жанар Айжанова
Similar Songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Жанар Айжанова
Künstler:in
Оралхан Кошеров
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Оралхан Кошеров
Songwriter:in
Lyrics
Толтыра біліп, көңілдің олқын бос жағын
Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс қостадың
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын
Жүрдіңдер сендер қолтықтан демеп, достарым
Жабыққан сәтте қас-қағым
Жанымды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым!
Сағыныш толы кеудені кернеп жыр - көшкен
Достықтың келді сазына ән мен үн қосқым
Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен
Биіктен сайлап орнын адал шын достың
Жабыққан сәтте қас-қағым
Жанымды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым!
Десек те қашан баянсыз достан түңілді ер
Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер
Асылдар аз ба жаныңды қияр дос үшін?
Соларға тағдыр өкінбей өтер ғұмыр бер
Жабыққан сәтте қас-қағым
Жанымды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым!
Жабыққан сәтте қас-қағым
Жанымды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым!
Сендерге арнап, достарым!
Сендерге арнап, достарым!
Lyrics powered by www.musixmatch.com