Top Songs By Ғалымжан Жолдасбай
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Ғалымжан Жолдасбай
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Самал Ермахан
Komponist:in
Гүлайым Дәуітбай
Songwriter:in
Lyrics
Көк мойнақ, көк мойнақ
Көк мойнақ, көк мойнақ
Болмысында болмаса егер ұлы күш
Баптар ма еді тентек бабам қылып іс
Бақ жұлдызы тұяғынан түлейтін
Көкмойнағым - суынтекті құбылыс
Көкмойнағым - суынтекті құбылыс
Жәннәт бағы жоғалтып ап пырағын
Білмей жүр-ау кімнен жоғын сұрарын
Көкмойнағым мекен еткен таңдап ап
Маңғыстаудай жер үстінің жұмағын
Маңғыстаудай жер үстінің жұмағын
Сәйгүліктей сүлік емес сүдіні
Бағзы шақтан жаңғырады дүбірі
Көкмойнағым - будан емес бұлыңғыр
Табиғаттың өзі туған құлыны
Табиғаттың өзі туған құлыны
Бабам мақтан, қылып мәңгі жат арман
Ел аузымен "Адай жылқы" атанған
Көкмойнағым - тоза жаздап тұқымы
Зобалаңнан тірі қалған қаһарман
Зобалаңнан тірі қалған қаһарман
Жәннәт бағы жоғалтып ап пырағын
Білмей жүр-ау кімнен жоғын сұрарын
Көкмойнағым мекен еткен таңдап ап
Маңғыстаудай жер үстінің жұмағын
Маңғыстаудай жер үстінің жұмағын
Көк мойнақ
Lyrics powered by www.musixmatch.com