Lyrics

Жаным көзің сенің мөлдір қандай Қарай бергім келеді көзімді алмай Жүрек тамырларын шымырлатқан Нәзік сезімдерден жаралғандай Жаным жүзің сенің нұрлы қандай Жанға жайлы, әсем сыры бардай Жалын жанарыңнан шарпығанда Мұңдар сейіледі бірі қалмай Алыстағы арманым Жүрсің бе әлде өкпелеп Сағынып мен барамын Келші маған ертерек Сенші маған, келші маған Жаным еркелеп Жаным сөзің сенің шырын балдай Білмей жүре бердім бұрын қалай Сенсіз өмір сүру мүмкін емес Келші, келші жаным сағындырмай Алыстағы арманым Жүрсің бе әлде өкпелеп Сағынып мен барамын Келші маған ертерек Сенші маған, келші маған Жаным еркелеп Алыстағы арманым Жүрсің бе әлде өкпелеп Сағынып мен барамын Келші маған ертерек Сенші маған, келші маған Жаным еркелеп Алыстағы арманым Жүрсің бе әлде өкпелеп Сағынып мен барамын Келші маған ертерек Сенші маған, келші маған Жаным еркелеп Сенші маған, келші маған Жаным еркелеп
Writer(s): Kairat Nurtas Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out