Similar Songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
JUMYR QYLYSH
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Бекзат Балтабай
Songwriter:in
Кажымукан Калиев
Songwriter:in
Абдульмалик Абуди
Komponist:in
Даурен Шамуратов
Songwriter:in
Lyrics
Қыран қанат талдырған, тұлпар тұяқ, далам-ай,
Аманат қып қалдырған, байтағымды бабам-ай,
Уақытында ұғынсақ, қадіріңді заман-ай,
Сақпен, ғұнның сарқыты, байлығым ел, жерім-ай
Алаш күткен бақытын, дұғаң қабыл сенің-ай
Сүрінбеген сындардан, мықты менің тегім-ай!
Жаратқаным, жақтар мені,
Сан қырғыннан сақтап еді,
Арманым баста, еркіндік еді,
Уайымым басқа, ендігі ертеңім,
Бір нанын бөлген көппенен,
Алған алғыспен көктеген,
Тағдырын тілдеп, сөкпеген,
Өнеге алсақ өткеннен!
Тіліңе, Дініңе,
Шүкір ет бүгінге,
Бұзылма, бүлінбе,
Тұр байрағың көгіңде!
Тіліңе, Дініңе,
Шүкір ет бүгінге,
Бұзылма, бүлінбе,
Тұр байрағың көгіңде!
Ғасыр-үміт , үзілмеген демім,
Жүректе өшпей келгендей сенім,
Сақтаған елін, сатпаған жерін
Намысты қазақ деген елмін!
Ғасыр-үміт , үзілмеген демім,
Жүректе өшпей келгендей сенім,
Сақтаған елін, сатпаған жерін
Намысты қазақ деген елмін!
Бұл менің- елім!
Бұл менің- жерім!
Даму жолын іздеуменен,
Төгілсе екен терім!
Менің-асқар белім
Менің-шалқар көлім,
Дәл осындай тәбәрікті,
Қайдан табар едім?!
Өзгеде менің шаруам жоқ,
Өзіме келсем шаруам көп,
Сауалдар, сұрақтар?
Бітпейтін сынақтар,
Қарап тұр бабам, жақтан көк,
Сөнбесе екен жаққан от,
Намысың қайда?!
Қайра,
Сайла!
Ұрпағың өтсін мақтан боп!
Қыран қанат талдырған, тұлпар тұяқ, далам-ай,
Аманат қып қалдырған, байтағымды бабам-ай,
Уақытында ұғынсақ, қадіріңді заман-ай,
Сақпен, ғұнның сарқыты, байлығым ел, жерім-ай
Алаш күткен бақытын, дұғаң қабыл сенің-ай
Сүрінбеген сындардан, мықты менің тегім-ай!
Тасқа түскен тарихы бар, Тұран едім охоу
Ұран едім охоу,
Қыран едім охоу,
Жыр ән едім охоу!
Ұлы далам, әр түкпірің тағым менің охоу,
Арым менің охоу,
Барым менің охоу!
Written by: Абдульмалик Абуди, Бекзат Балтабай, Даурен Шамуратов, Кажымукан Калиев