Lyrics

Қою қоңыр күз Сені маған сағым қылды Бұғанам босап Сенсіз менің сағым сынды Оралма маған Оралуға кешіктік біздер Сен де және де мен де Жанымды тербе Жалғыздықтың ащы әуені Мінімді көрме Өзіңдікін ашшы әуелі Менің ішімде Қуыс жатыр толтырылмайтын Тоналған өзге жанмен Біз қуған арман Орындалмай қаза болған күн Ол мені жалғыз Бақытымнан айырған түн Ол сені ақ отауға ап барады Абыройыңды ақтарады Бір өкінбей от жанары Жақындауға оқталады Сонда сенің маған деген Ақ сезімің жоқ болады ма Сен одан өтінесің өкіресің Серуеніңе өкінесің Ала боздап таң атқанда Әйел болып жетілесің Мендік жүрек не тілесін Өзіңді өзің өлтіресің бе Әлде оны кешіресің бе? 2-шумақ: Талай қоңыр күз Мені есептен жаңылдырды Нәзік сезімсіз Қошсыз көңіл, жаным мұңлы Ақырында іздеп Таптым кеткен ауылыңды Жақтым қайта үмітімді үзген Үміт жәй көру Хәл жағдай білу жайды ұғу Шалға шәй құю Ұғып қоярдан қаймығу Бір бала көрсем Менен бе екен деп ой құру Дәл солай болса егер Қан жұтып, қайғыру Біз қуған арман Орындалмас қаза болды күн Шал мені жалғыз Бақытымнан айырған түн Ол сені ақ отауға ап барады Абыройыңды ақтарады Бір өкінбей от жанары Жақындауға оқталады Сонда сенің маған деген Ақ сезімің жоқ болады ма Сен одан өтінесің өкіресің Серуеніңе өкінесің Ала боздап таң атқанда Әйел болып жетілесің Мендік жүрек не тілесін Өзіңді өзің өлтіресің бе Әлде оны кешіресің бе?
Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out