Similar Songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Жугунусов Мирас
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Мурат Кабылов
Komponist:in
Мархаба Саби
Songwriter:in
Lyrics
Балалық барлық шалалығымды көтерген
Қателікпенен тентектігімді кешірген
Әрдайым мені желеп жебейтін қолдаушым
Маған ең қымбатсың Менің жалғыз анашым
Жүрегіңе сиған таусылмайтын мейірім
Мейіріңнен өмірлік күш алып жүремін
Қабағыңнан мүлде сыр бермейсің жадырап
Шаршасаңда жасырасың сезем білемін
Уәде беремін мама
Уайымдатпаймын
Бар үмітіңді
Енді ақтаймын
Жақсы көремін мама
Алаңдатпаймын
Жылулығыңды жаныма сақтаймын
Ең асыл ана
Көше кезіп бұзық болған талай кездерім
Тіліңді алмай қаяу салған жанға сөздерім
Балалықпен болды оның бәрі анашым
Кешірші қазір бәрін түсіндім өзгердім
Куәгерімін мен күлкісіз күндеріңнің
Себебшісімін мен ұйқысыз түндеріңнің
Қабағыңнан мүлде сыр бермейсің жадырап
Шаршасаңда жасырасың сезем білемін
Уәде беремін мама
Уайымдатпаймын
Бар үмітіңді
Енді ақтаймын
Жақсы көремін мама
Алаңдатпаймын
Жылулығыңды жаныма сақтаймын
Ең асыл ана
Writer(s): мархаба саби, мурат кабылов
Lyrics powered by www.musixmatch.com