Lyrics

Сенің көзің түпсіз терең Тұңғиықтан жаралған Сонда жатыр менде жүрген Орындалмас бар арман Қайырмасы – 2p Сенің жүзің көкте күннен Жерде гүлден нәр алған Шашың сенің жан баспаған Жапандағы қара орман Қас-кірпігің қарлығаштың Қанатындай қап-қара Үлбіреген жүзің сенің Ақ жібекпе мақта ма Қайырмасы – 2p Әсем басың әп-әдемі Мүсініңе шақ қана Шиедейін еріндерің Қызарып тұр шоқтана Толықсыған тұла бойың Шыбық па екен тал ма екен Бейнең сенің баяу атқан Жазғы шұғыла таң ба екен Қайырмасы – 2p Күлкің сенің шашылған нұр Сөзің кәусар бал ма екен Бұл ғаламда сенен асқан Сірә біреу бар ма екен
Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out