Top Songs By Әбдіжаппар Әлқожа
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Әбдіжаппар Әлқожа
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Әбдіжаппар Әлқожа
Komponist:in
Ораз Қиынбаев
Songwriter:in
Lyrics
Бақытты шақтардың
Мен жазған хаттардың
Бір күткен ақ таңның ұмытпашы бәрін
Елжіреп езілген
Мен ғана сезінген
Басқаны сезіммен Жылытпашы жаным
Өтер әлі көктем, жаз бірнеше күз
Кездесетін күнді аңсап күн кешеміз
Телефонмен түндер де тілдесеміз
Осындай ма жаным
Мүмкін емес оралу өткен шаққа
Естеліктің есінде бәрін сақта
Жалынсақ та, тағдырға сағынсақ та Қосылмаймыз жаным
Көңілсіз әрбір күн Жанарда жаңбыр мұң
Бұйырмас тағдырдың сұрамашы бағын
Ертеңді ескермей
Бастан бақ көшкендей
Үмітің өшкенде жыламашы жаным
Өтер әлі көктем, жаз бірнеше күз
Кездесетін күнді аңсап күн кешеміз
Телефонмен түндер де тілдесеміз
Осындай ма жаным
Мүмкін емес оралу өткен шаққа
Естеліктің есінде бәрін сақта
Сағынсақ та, тағдырға жалынсақ та Қосылмаймыз жаным
Өтер әлі көктем, жаз бірнеше күз
Кездесетін күнді аңсап күн кешеміз
Телефонмен түндер де тілдесеміз
Осындай ма жаным
Мүмкін емес оралу өткен шаққа
Естеліктің есінде бәрін сақта
Сағынсақ та, тағдырға жалынсақ та Қосылмаймыз жаным
Қосылмаймыз жаным
Lyrics powered by www.musixmatch.com