Songteksten

Толқығандай теңіз кеудем
Екі жүрек егіз деумен
Жүрмін жаным сені іздеумен
Айдындағы аққудайсың
Қанат қағып кеп тұрғайсың
Неге жаным таптырмайсың сен
 
Алтыным-ай көзің мөлдір
Хабар күттім өзіңнен бір
Махаббатым қайдасың қайда
Ғашық едім саған сәулем
Өтсін өмір сені аңсаумен
Махаббатым қайдасың, қайда
Алма бақты аралаумен,
Жалғыз кетіп барам-ау мен,
Махаббатым қайдасың, қайда?!
 
Қосып арман-тілегімді
Ұстап нәзік жүрегімді
Сені сүйдім бұл өмірде мен
Қарай-қарай талды көзім
Қайда сол бір бал мінезің
Сағынышым жалғыз өзің сен
Written by: А.Бексұлтан, Қ.Сарин
instagramSharePathic_arrow_out