Vergelijkbare songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Dukay
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Біржан Асқаров
Komponist:in
Серікзат Дүйсенғазы
Songwriter:in
Songteksten
Жете алмай саған тіл қатып
Жүректің мұңын тыңдатып
Сағыныш болып кеудемді
Таба алмай емін бұл уақыт
Өртенген сезім бойында
Қанымды қызу тулатып
Жаныңнан бір сәт табылсам
Мен үшін сол да бір бақыт
Жанымды тербеп балдай мұң
Әнімді саған арнаймын
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын
Құс болып ұшып самғаймын
Іздеуден сені талмаймын
Мөлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын
Сен үшін жаралғандаймын
Теңіздей тулап тамырым
Таусылды төзім, сабырым
Жанымды менің шөлдетпей
Нұрыңды төкші, жарығым
Жабырқап жүрген көңілді
Жазатын сенсің дәруім
Сүюмен өтсем өмірде
Арманым бар ма, аруым
Жанымды тербеп балдай мұң
Әнімді саған арнаймын
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын
Құс болып ұшып самғаймын
Іздеуден сені талмаймын
Мөлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын
Сен үшін жаралғандаймын
Written by: Біржан Асқаров, Серікзат Дүйсенғазы