Songteksten

Біздің жүрек
Қатар жүрген Інжуі мен Маржаны
Қыздар ана, ана өмірдің абзалы
Кеше ғана жараланған бір қыздан
Жүрегімді бүгін бір қыз қозғады
Жақын тартып тұрғанымен қайтейін
Жақынымнан алыстата жаздады
Үзілді де, үкіленбей қалды үміт,
Жүректе емес, көзде боп тұр бар күдік.
Екі сері бақ сынасса бел буып,
Біреуінің бас тартуы заңдылық
Қалқам сені қалдырайын жайыңа
Бауырыммен қалу үшін мәңгілік
Көшемізде бола жатар той әлі
Қайда қашар кеудеміздің қояны
Ауырмасын досым сенің жүрегің,
Біздің жүрек, сыздайды да, қояды.
Written by: Еркеш Хасен, Қайнар Алагөзов
instagramSharePathic_arrow_out