Songteksten

Қанша уақыт өтті арада
Таласамыз
Әрбір күнім ақ таңнан
Жаттанды
Сөздерім көк аспан
Жылатады сені
Жаза бермедік пе бір дастан
Болып басты кейіпкерлер жаңа парақтан
Күлкі мен үміт келеді күндізгі асқа
Бірақтан
Көздеріңде сенің оны көрмедім
Онда күнібойы күркірейді аспан
Айтқан сөздеріміз езілгендей бір тасқа
Жүректеріміз алыстап барады басқа
Амал бар ма?
Мен сені сағынамын
Өзімізді қинаймыз
Бір-бірімізді өзгерте алмаймыз
Сонда ең жақын адамым
Жанымды жаралайды неге?
Ұрысып ұмытамыз
Сүйген адамның жүрегі нәзік
Сонда ең жақын адамым
Жанымды жаралайды неге?
Баста кім едік
Мен Сені мыңдаған адам арасында іздедім
Тапқаным қандай бақыт болды маған елестетші
Жаудыраған көздеріңде
Барлық әлемнің тереңдіктерін көргенімдей
Ақылсыз достарыңның сөздерін тыңдадың ба?
Бар ойлары олардың бір араға от салуда
Маған керегінің бәрі тек сенде ғана
Бәрі бір мен сені жібермеймін
Қол аяғыңды байлап тастап
Queen-ді қосып мен билеймін
Мәңгі мендік болдың
Сана-сезім қабырғаға шылқиды
Барабан айналып
Соңғысын өзіме жіберемеймін ба
Өзімізді қинаймыз
Бір-бірімізді өзгерте алмаймыз
Сонда ең жақын адамым
Жанымды жаралайды неге?
Ұрысып ұмытамыз
Сүйген адамның жүрегі нәзік
Сонда ең жақын адамым
Жанымды жаралайды неге?
Written by: Айткулова Амира Аскаровна, Станбеков Маргулан Сакенович
instagramSharePathic_arrow_out