Topsongs van Roza Alqoja
Vergelijkbare songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Roza Alqoja
Künstler:in
Роза Әлқожа
Stimme und Gesang
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Альходжаева Роза Абдуразаковна
Songwriter:in
PRODUKTION UND TECHNIK
Мейірбек Телман
Produzent:in
Songteksten
Сен туғанда “қыз келді” деп шаттандым,
“Менің ғана бөпем бұл” деп баққанмын.
Сен бөлексің бар бауырдан мен үшін,
Менің қызым, менің сұлу, аппағым!
Менің сіңлім - қыз біткеннің дарасы,
Менің сіңлім - жүрегі асыл, жаны асыл.
Бар балаға мейіріммен қарайтын,
Менің сіңлім - сұлтандардың анасы!
Менің сіңлім - қыз біткеннің дарасы,
Менің сіңлім - жүрегі асыл, жаны асыл.
Бар балаға мейіріммен қарайтын,
Менің сіңлім - сұлтандардың анасы!
Сен тазасың ақ қарындай ақпанның,
Ақылыңмен, сабырыңмен мақтандым.
Сен екеуміз бірге есейіп келеміз,
Куәсі сен мендік қилы шақтардың.
Менің сіңлім - қыз біткеннің дарасы,
Менің сіңлім - жүрегі асыл, жаны асыл.
Бар балаға мейіріммен қарайтын,
Менің сіңлім - сұлтандардың анасы!
Менің сіңлім - қыз біткеннің дарасы,
Менің сіңлім - жүрегі асыл, жаны асыл.
Бар балаға мейіріммен қарайтын,
Менің сіңлім - сұлтандардың анасы!
Көп болсыншы қуанышың сен күткен,
Көркейесің осы жайсаң, кеңдікпен.
Жақынының қабағына қараған,
Сенің ісің тең ғой, қалқам, ерлікпен.
Менің сіңлім - қыз біткеннің дарасы,
Менің сіңлім - жүрегі асыл, жаны асыл.
Бар балаға мейіріммен қарайтын,
Менің сіңлім - сұлтандардың анасы!
Менің сіңлім - қыз біткеннің дарасы,
Менің сіңлім - жүрегі асыл, жаны асыл.
Бар балаға мейіріммен қарайтын,
Менің сіңлім - сұлтандардың анасы!
Written by: Альходжаева Роза Абдуразаковна